USD: 471.7 / 475.7
  • EUR: 542.5 / 547.5
  • RUB: 5.75 / 5.87
Тікелей эфир
Алматы +30C
Все города

Астанада үш гектарды шарпыған өрт бірнеше тәуліктен кейін толық сөндірілді

Фото: ҚР ТЖМ
Фото: ҚР ТЖМ
Полигон өртін сөндіруге 120 адам жұмылдырылды.

Астананың Байқоңыр ауданындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында шыққан өрт толықтай сөндірілді. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Өрт сөндірушілер бірнеше тәулік бойы үш гектар аумақты шарпыған жалынмен күресті. ТЖМ мәліметінше, қою түтінге, өткір иіске және 40 градусқа жуық аптап ыстыққа қарамастан, бөлімшелер тәулік бойы жұмыс істеп, өрттің кең аумаққа таралуына жол бермеген.

"Оқиға орнында жедел штаб құрылып, жалынды сөндірумен қатар қайта тұтанудың алдын алу шаралары жүргізілді. Осы мақсатта полигон аумағына топырақ пен басқа да инертті материалдар үздіксіз төгілген", – делінген хабарламада.

Әкімдік инженерлік және құрылыс техникасын жұмылдырып, полигонға шамамен 15 мың тонна инертті материал жеткізді. Соның нәтижесінде өрт ошақтары толық оқшауланып, жалын толық сөндірілді.

Министрліктің мәліметінше, өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың шамамен 120 қызметкері және 150 бірлік техникасы тартылған.

Еске салайық, өрт 10 шілдеде басталған болатын. Қалың түтін мен үйілген қоқыстың тұрақсыз болуы салдарынан өртті сөндіру жұмыстары күрделеніп, жалынды оқшаулау үшін ұзындығы шамамен 200 метр болатын уақытша үйінді тұрғызылған еді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау