Құрылыс қарқыны артып, халық саны өскенімен, қалада бар болғаны екі су сорғы соратын станциясы жұмыс істейді.
Астанада ауыз су тапшылығынан соң бұдан былай елордалықтар суды кестеге сай алады, деп хабарлады 31 арнаның "Информбюро" ақпараттық бағдарламасы.
Арна тілшісінің сөзінше, қала тұрғындары күндізден бастап кешкі сағат алтыға дейін, сондай-ақ түнгі уақыттарда сусыз қалуы мүмкін. Ал шенеуніктер жағдайды қаланың шамадан тыс өсуімен байланыстырып отыр. Құрылыс қарқыны жоғары, халық саны көп, ал су соратын станция бар болғаны екеу ғана.
"Астана су арнасы" жариялаған ресми ақпаратқа сәйкес тұрғындар суды таңертең 4.00-ден 9.00-ге дейін, түскі үзіліс уақытында және кешкі 18.30-дан түнгі 12.00-ге дейін қалағанынша пайдаланады. Қалған уақыттың бәрінде қысым азаяды.
"Ал қысымның азайғанына ауыз сусыз отырған халық наразы. Тіпті, оң жағалаудағы бірнеше көшеде бір аптадан бері су жоқ. Наразы жұрт "Астана су" арнасы бекіткен уақыттарда да су нөпірі оңалмайтынын айтады. Соның салдарынан тұрғындар ауыз суды тасып, кей кездері тіпті ақшаға сатып алып ішуге мәжбүр", – дейді арна тілшісі Аягөз Тұрсынбай.
Оқи отырыңыз: 30 жылдан бері теміржол өткелінен өтіп шаршаған астаналықтар көпір салып беруді сұрайды
"Астана су арнасының" өкілдері шама шарқынан екі есе көп су беріп жатқандарын, бұның өзі аздық етеді деп отыр. Жауапты мекеме бұл жағдай жылдар бойы қордаланған мәселе салдары дейді. Қаншама үй салынып, халық саны өскенімен, су беретін станциялар саны өзгеріссіз қалған.
"Біз қазір мүмкіндіктерімізден екі есе 320-330 беріп жатырмыз. Енді не істеуіміз керек? Суды шелекпен тасимыз ба? Құрылысты бұрын салу керек еді. Біз өндіріс мамандарымыз, жұмыс істейміз, бітті", – деді "Астана су арнасы" МКК сорғы-сүзу станциясының жетекші инженер-технологы Жанна Досжанова.
Әкімдік өкілдері мәселе үшінші сорғы сүзгі станциясы қолданысқа берілгенде шешіледі деп сендіріп отыр. 2021 жылдан бері салынып жатқан нысан биыл жазда іске қосылады. Алайда нақты қай айда екенін шенеуніктер нақтыламады.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🛫 Демалыс күндері ұшақ билеті неге қымбат болады? Азаматтық авиация комитетінің жауабы
-
302
-
0
-
1
-
-
2🚴♂️ Астана мен Алматыда қанша шақырым велосипед жолы бар?
-
291
-
0
-
0
-
-
3💰"Бір тиын да алмадым". Қаржы министрі зейнетақы жинағын ерте шешіп алмауға кеңес берді
-
292
-
1
-
1
-
-
4👪 1 маусымда Астанада балаларға арналған қандай мерекелік шаралар болады?
-
304
-
0
-
3
-
-
5🌎 Қазақстанда жеті мыңнан астам 5G станциясы орнатылады
-
309
-
0
-
2
-
-
6📝 ҰБТ-2023: Аппеляцияға өтініш беру тәртібі қандай?
-
329
-
1
-
1
-
-
7🏠 "Баратын жеріміз жоқ". Павлодарда апатты үй тұрғындары үйінді астында қалудан қорқып отыр
-
320
-
0
-
0
-
-
8🚫🏠 "Бес баламен сабылып жүрміз". Атырау облысында көпбалалы аналарға тиісті пәтерлер екі жылдан бері берілмеген
-
345
-
0
-
0
-
-
9🚗 Автокөлікке VIP нөмірді eGov.kz порталы мен eGov Mobile арқылы сатып алуға болады
-
297
-
0
-
0
-
-
10🪖 Тоқаев: Тоталитаризмнің қырғыны халқымызға орасан зор қасірет әкелді
-
279
-
0
-
0
-