Тікелей эфир

Астанада терроризм актісі туралы жалған хабарлама берген оқушылардың ата-анасына айыппұл салынды

Жалған қоңырауға 11 жастағы үш оқушы қатысқаны анықталды.

5 ақпанда Астананың жедел басқару орталығына телефоннан хабарлама келіп түсті. Онда қоңырау шалушы қала мектептерінің бірінде террорлық шабуыл болатынын хабарлады. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері дереу келді.

"Жалған қоңырауға 11 жастағы үш оқушы қатысқаны анықталды. Осы факт бойынша ата-аналарға қатысты әкімшілік хаттамалар жасалып, 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды", – деп жазылған хабарламада.

Көрінеу жалған хабарлар ауыр қылмыс болып саналады. Дайындалып жатқан терроризм актісі туралы хабар 5000 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға немесе бес жылға дейінгі мерзімге шектеуге не бас бостандығынан айыруға жазаланады.


Оқи отырыңыз: Семей түрмесінде 25 жылға сотталған азамат терроризм туралы жалған ақпарат таратып, жазасы тағы 2 жылға ұзарды


Қылмыс жасалған кезде он төрт жасқа толған адамдар ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылады.

Серіктестер жаңалықтары