Астанада Тәуелсіздік даңғылы жөндеу жұмыстарына байланысты жабылады

Фото: aptalygy.kz
Фото: aptalygy.kz
26-27 мамыр күндері қозғалыс шектеледі.

Астанадағы Тәуелсіздік даңғылы жөндеу жұмысына байланысты тағы бірнеше күнге жабылады, деп хабарлайды көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы. 

Жөндеу жұмысы Бауыржан Момышұлы даңғылынан Бейімбет Майлин көшесіне дейінгі аралықта жүріп жатыр.

Осыған байланысты 26 және 27 мамыр күндері аталған учаскеде көлік қозғалысы жартылай шектеледі. Дегенмен көліктердің қозғалысы екі бағытта да жолдың бір жағымен ұйымдастырылады.

"Жол қозғалысына енгізілетін өзгерістерді ескере отырып, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз", – делінген хабарламада. 

Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз