Астанадағы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Тәуелсіздік даңғылында орташа жөндеу бойынша жол жұмыстарын жүргізуде. Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі хабарлады.
"Жұмыстарды жүргізуге байланысты 16 мамырдан 1 маусымға дейін Р.Қошқарбаев даңғылынан Нәжімеденов көшесіне дейінгі Тәуелсіздік даңғылының учаскесінде қозғалыс ішінара жабылатын болады", – деп жазылған хабарламада.
Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.
Оқи отырыңыз: Су тасқыны: Құлсары тұрғындары коммуналдық төлемдерден босатылады
USD:
461.9 / 464.5
EUR:
542.5 / 547.5
RUB:
5.95 / 6.07