Тікелей эфир

Астанада Тәуелсіздік даңғылында көпір үстіндегі қозғалыс қазан айының соңында ашылады

Автокөлік көпірі – төрт жолақты.

Келер жылы Кенесары көшесінің бойында Есіл өзені арқылы өтетін тағы бір көпірдің құрылысы басталады. Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында жазды.

"Тәуелсіздік даңғылының бойындағы көпірдің құрылыс барысымен таныстым. Осы айдың соңында көпір үстіндегі қозғалысты ашуды жоспарлап отырмыз. Автокөлік көпірі – төрт жолақты. Көгалдандыру жұмысы көктемде аяқталады", – деп жазды қала әкімі Instagram парақшасына.

Оның айтуынша, бұл көпір жолдардағы кептелісті едәуір жеңілдетуге мүмкіндік береді: сол жағалауды Тәуелсіздік даңғылымен, жаңа теміржол вокзалымен, Қошқарбаев даңғылымен, Нәжімеденов көшесімен, Әзірет Сұлтан мешітімен, Байтұрсынов, Қордай, Айнакөл көшелерімен, Момышұлы даңғылымен және т.б. қосымша байланысты қамтамасыз етеді.


Оқи отырыңыз: "Жол белгісін қазанға қақпақ етеді". Көлік апатының жиілеуіне не себеп?


"Келер жылы Кенесары көшесінің бойында (ҚазГЮУ университеті ауданында) Есіл өзені арқылы өтетін тағы бір көпірдің құрылысын бастаймыз. Қазір жобалау жұмысы жүріп жатыр. Сонымен қатар келесі жылы Тәуелсіздік даңғылының Қабанбай батыр даңғылына дейінгі жалғасын салуға кірісеміз. Бұл қаланың жаңа бөлігіндегі Мәңгілік ел, Қабанбай батыр даңғылдарында, Түркістан, Керей-Жәнібек хандар және Айтматов көшелерінде көлік ағынын сейілтеді", – деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Серіктестер жаңалықтары