Тікелей эфир

Астанада сатып алу құқығынсыз берілетін тұрғын үйді иеленген азаматтар тізімі жарияланды

Өтінім берген қатысушылар арасында іріктеу балдық жүйе бойынша жүргізілді.

Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы және zhilfond.kz сайтында "Жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй" бағдарламасы бойынша өткен азаматтардың тізімі жарияланды. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігі хабарлады.

Өтінім берген қатысушылар арасында іріктеу балдық жүйе бойынша жүргізілді, пәтерлерді бөлу және бөлінетін тұрғын үйдің жалпы ауданын айқындау конкурс қорытындысы бойынша қойылған балдар мен өтініш берушідегі балалар саны (бар болса) негізінде жүзеге асырылатын болады.


Оқи отырыңыз: Алматыда 11 желтоқсанда жастарға арналған жалға берілетін баспанаға өтініш қабылдау басталады


Бағдарламаның барлық қатысушыларына өтінімнің статусы туралы "мақұлданды" немесе "қабылданбады" SMS – хабарлама жіберіледі.

"Егер Сіз қандай да бір себептермен SMS хабарлама алмаған болсаңыз, онда сіздің өтініміңіздің статусымен qatysu.zhilfond.kz порталындағы жеке кабинет арқылы білуге болады. "Мақұлданды" мәртебесі бар SMS алған, бірақ өткендердің жарияланған тізіміне кірмеген азаматтар пәтер лимиттерінің аяқталуына байланысты іріктеуден өткен жоқ", – деп жазылған хабарламада.

Қоныстану күні мен уақыты, пәтердің мекенжайы бағдарлама бойынша өткендер үшін қосымша хабарланатын болады және толық ақпарат Астана қаласының тұрғын үй орталығының ресми интернет-ресурстарында жарияланады.

Серіктестер жаңалықтары