Тікелей эфир

Астанада Qysqy jugiru жарысына тіркелу басталды

Астанада 24 желтоқсан күні Триатлон саябағында жыл сайынғы QYSQY JUGIRU жарысы өтеді.

Астана қаласы әкімдігінің мәліметінше, Qysqy jugiru жарысының негізгі қашықтығы – 10 шақырым.

Жарысқа жоғарыда көрсетілген қашықтықты еңсере алатын ниет білдірушілер шақырылады: 18-29 жас, 30-39 жас, 40-49 жас, 50-59 жас, 60 жас және одан жоғары.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жарыстың мақсаты – астанада бұқаралық спортты кеңінен дамыту, қала тұрғындары мен қонақтары арасында салауатты өмір салтын насихаттау, ұлт денсаулығын жақсарту.

Мәреге жеткен әрбір қатысушыға медаль табысталып, әр жас санаттағы жеңімпаздар сертификаттармен марапатталады.


Оқи отырыңыз: Астанада Koktal Run жүгіру марафоны өтеді


Старттық пакеттер Б.Момышұлы даңғылы, 2б, №1 кеңседе беріледі. Қатысушыларды тіркеу www.astanatriathlon.kz сайтында жүргізіледі.

Айта кетерлігі, тіркеу қатысушылардың саны лимитке жеткен жағдайда алдын ала жабылуы мүмкін. Жарыс туралы барлық ақпарат Астана қаласының Триатлон федерациясының әлеуметтік парақшасында жарияланады:
@astana_triathlon.

Серіктестер жаңалықтары