Астанада қос аяғынан айырылған Алуаның отбасына 4 бөлмелі пәтердің сертификаты табысталды

Фото: Астана әкімдігінің сайты
Фото: Астана әкімдігінің сайты
Тұрғын үйдің құрылысы қазан айында бітеді.

Астанада автобус апаты кезінде екі аяғынан айырылған Алуаның анасына 4 бөлмелі пәтердің сертификаты табысталды. Бұл туралы Астана әкімдігі хабарлады. 

"Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Астана қаласының әкімдігі жеке демеушімен бірлесіп, отбасыға елордадағы жаңа тұрғын үй кешенінен төрт бөлмелі пәтердің сертификатын табыстады. Тұрғын үй кешені биыл қазан айында пайдалануға беріледі. Бұдан бөлек, құрылыс компаниясы пәтерді жөндеу және жабдықтау жұмысына да көмек көрсететін болады. Осыған дейін зардап шеккен отбасыға көрсетілетін өзге де қолдау шаралары туралы хабарланған болатын", – делінген ресми хабарламада.

Еске салайық, бүгін Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Алуаның отбасының баспана мәселесі шешілетініне уәде еткен болатын. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз