Тікелей эфир

Астанада қазақ күресінен "Дала қырандары" турнирі басталды. Оған қандай танымал балуандар қатысуда

Фото: Sportplustv.kz
Фото: Sportplustv.kz
Турнирдің жүлде қоры – 100 мың АҚШ доллары.

Бүгін елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында қазақ күресінен "Дала қырандары" республикалық турнирі басталды. Турнирде 8 салмақ дәрежесіндегі Қазақстанның ең үздік балуандары анықталады. Шара мақсаты – қазақ күресін насихаттау, спорттық дәстүрлерді нығайту және қатысушылардың шеберліктерін арттыру. 

2024 жылдың басынан бастап Қазақстанда төл күрес бойынша 5 рейтингілік жарыс өткен болатын. Бұл жарыстардың нәтижесінде әр салмақ дәрежесінде ең көп ұпай жинаған үздік 8 балуан анықталды. Енді, міне, өз салмағының үздіктері елордадағы бәсі биік дода барысында "Дала қыраны" титулы үшін күресуге мүмкіндік алып отыр. Тек 8 жеңімпаз өз салмақ дәрежесінің "Бас балуаны" атағына ие болады. Сонымен қатар, жеңімпаздар қомақты ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

Турнирге қатысатын танымал балуандар арасында екі мәрте Әлем чемпионы, 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарының және Дүниежүзілік жекпе-жек ойындарының жеңімпазы Жұмажан Қожамбеков, Әлем чемпионы, 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарының жеңімпазы Ерсұлтан Мұзаппаров, Азия және Әлем кубоrтарының жеңімпазы Алтынбек Аусағитов, Әлем және Азия чемпионы, "Дала қырандары" РТ екі дүркін чемпионы Нұрдәулет Жарылғапов және "Қазақстан барысы – 2024" турнирінің жеңімпазы, екі дүркін күміс жүлдегері Ерасыл Қажыбаев бар. 

Биылғы турнирдің басты ерекшелігі – шоу элементтерінің енгізілуінде: танымал қазақстандық спортшылар Руслан Әбдіразақов, Саят Шәмшиев және Василий Тахтай боз кілемде ММА спортшылары Фарид Абдуллаев, Ислам Джангоразов және Данил Ельбаевқа қарсы қарсы шығып, қазақ күресінің ережесі бойынша күреседі. 

Турнирдің бас демеушісі – "Дала қырандары" спортты қолдау ұлттық қоры" қоғамдық қоры.

Серіктестер жаңалықтары