Тұрғындар арасында суықтан тұмауға шалдыққандар көп.
Астанадағы "Жағалау 4" тұрғын үй кешенінің тұрғындары суықтан бүрсең қағып отыр. Пәтерлердің кілті елорда күнінде табысталғанымен, тұрғын үй жылу жүйесіне әлі қосылмаған. Тұрғындар үйдің суығынан балалар мен ересектер тұмауратып жатқанын айтады, деп хабарлады 31 арнаның "Информбюро" ақпараттық бағдарламасы.
Астанада 1-2 күннен бері қар жауып, күн күрт суытты. Түнгі уақытта жел мен ызғардың әсерінен термометрде сынап бағанасы -12 градусты, күндіз -5 градусты көрсетеді.
Арна тілшісінің хабарлауынша, үйдің ішіндегі температураның сырттағы температурадан айтарлықтай айырмашылығы жоқ. Едендер мен қабырғалар суық. Тұрғындар қалың сырт киім мен бас киімін шешпейді.
"Түнімен электр пешін қосып жатамыз. Алаңдап қарап жатамын. Пешке де сенім жоқ қой қазір күйіп кете ме, әлде жанып кете ме? Бір жерге кететін болсақ суырып кетеміз. Қайтып келсек, үйдің іші салқын", – дейді тұрғын Бану Тәжібаева.
Тұрғындардың көбі пәтеріне 8 жыл дегенде әрең қол жеткізген. Олар ел астанасының өзінде осындай мәселені шеше алмай отырған менеджерлерлерге наразы.
Оқи отырыңыз: Жылу беру маусымына дайындық: Нені ұмыттыңыз, бірге тексерейік
Бұл тұрғын үй кешінінің іргетасы 2014 жылы қаланған. Алайда 2019 жылы құрылыс мүлдем тоқтап қалған. Әкімдік үйді аяқтауды "Елорда құрылыс компаниясына" жүктеген. Ал олар жылу мәселесі бойынша тиісті мекемеге өтініш жібрілгенін айтып отыр.
"Бүгінгі күнде "Полигон 4", "Жағалау 4" тұрғын үй кешені бойынша "Теплотранзитке" өтініш берілді. Өтініш сол мекеменің қарауында. Алдағы уақытта олар тұрғын үй кешенінің дайындығын толық тексеріп шығуы қажет", – дейді құрылыс компаниясының бөлім басшысы Мұрат Мұқанов.
Арна тілшісінің айтуынша, жауапты мекеме құрғақ уәдемен халықты әбден мезі еткен. Осыған дейін де үш рет тұрғын үйге жылу берілетінін айтқан. Алайда уәде орындалмаған
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1✈️ Қазақстандықтарды қажылыққа апару бойынша әуе компаниялары арасында байқау жарияланды
-
281
-
0
-
0
-
-
2🏅Астаналық ардагер спортшы алты рет әлем чемпионы атанды
-
251
-
0
-
2
-
-
3🏗 Алматыда Көктөбе саябағына апаратын жаяу жүргіншілер жолының құрылысы басталды
-
268
-
0
-
0
-
-
4⛔️ Астана – Қарағанды тас жолының учаскесі уақытша жабылды
-
267
-
0
-
0
-
-
5🚫 Қазақстанда жеке құжаттардың көшірмесін жасауға тыйым салынады
-
282
-
1
-
2
-
-
6📚 Сауд Арабиясы Қазақстанға 50 мың Құран кітабын сыйға берді
-
274
-
1
-
4
-
-
7💸 Астана мен Алматыдан да қымбат: Оралда жолақы бірден 40 теңгеге қымбаттайды
-
301
-
1
-
3
-
-
8🗓️Бүгін, 29 қыркүйек тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады
-
278
-
0
-
3
-
-
9🥉🇰🇿Аян Бейсенбаев триатлоннан Ханчжоуда өтіп жатқан Азиаданың қола медалін иеленді
-
283
-
1
-
5
-
-
10📲 103 500 теңге айыппұл: Қазақстанға iPhone 15 телефондарын әкелген адам ұсталды
-
215
-
0
-
0
-