"Елімай Сити" тұрғын-үй кешені құрылысына тапсырыс беруші техникалық қабатты пәтерлерге қайта жабдықтау бөлігінде бекітілген жобадан ауытқу арқылы құрылыс-монтаждау жұмысын жүргізген. Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі хабарлады.
Астана қаласының қалалық ортасының сапасы және бақылау басқармасы құрылыс салушыға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасап, бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берді.
"Бұдан басқа, басқарма Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына объектіні сараптамадан өткен бекітілген жұмыс жобасына сәйкес келтіру жолымен анықталған бұзушылықтарды жою туралы талап арыз жолдады. Бүгінгі күні құрылыс салушы аталмыш шешімді орындау үшін тұрғын үй кешенін жобалық құжаттамаға сәйкес келтіру мақсатында заңсыз тұрғызылған қоршау конструкцияларын бөлшектеу бойынша іс-шаралар жүргізіп жатыр", – деп жазылған хабарламада.
Оқи отырыңыз: Қазақстанның 45 пайызы сейсмикалық қауіпті аймаққа жатады. Жаңа құрылыс кодексі не үшін қажет?
Жалпы алғанда, салынып жатқан тұрғын үй кешенінің екі блогында 12 пәтерді бөлшектеу жұмыстары жүргізілуде. Тұрғын үй кешені Нұра ауданында Қорғалжын тас жолы мен E127 көшесінің қиылысында орналасқан.