USD: 471.1 / 474.1
  • EUR: 538.0 / 543.0
  • RUB: 5.71 / 5.83
Тікелей эфир
Алматы +22C
Все города

Астанада өзін полиция қызметкері ретінде таныстырған алаяқ сотталды

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Жүргізуші куәлігін алып беремін деген алаяқ сотталды.

Астанада қала тұрғыны өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, алаяқтық жасаған. Бұл туралы бас прокуратура хабарлайды. 

"Ол жүргізуші куәлігін алуға және автокөлікті қайта рәсімдеуге жәрдем беремін деп алаяқтық жолмен таныстарын және жәбірленушілерді алдаған. Жәбірленушілерден 1 миллион теңгеден астам қаражат алып, өз міндеттемелерін орындамаған және ақшаны өз қалауынша жұмсаған", – делінген хабарламада.

Мемлекеттік айыптаушы сотқа сотталушының бірнеше рет ауыр санаттағы қылмыстық құқық бұзушылық жасағанын дәлелдейтін айғақтарды ұсынды.

Кінәсін толық мойындауын және залалды өтеуін ескере отырып, сот үкімімен оған үш жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленді.

Үкім заңды күшіне енді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау