Астанада көші-қон заңнамасын бұзған 70-тен астам шетел азаматы елден шығарылды

70-тен астам шетел азаматы Қазақстан Республикасынан шығарылды.

Астанада "Учаске" жедел алдын алу іс-шарасын өткізу кезеңінде полиция қызметкерлері көші-қон заңнамасын бұзудың 400-ден астам фактісін анықтады.

Құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы бойынша әкімшілік материалдар толтырылды.

Әкімшілік соттың шешімімен 70-тен астам шетел азаматы Қазақстан Республикасынан шығарылды.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында көші-қон қызметінің қызметкерлері шетелдік 33 жастағы азаматты анықтады, ол 2021 жылы Алматы қаласы әкімшілік сотының шешімімен ҚР шегінен шығарылған, алайда қазіргі уақытқа дейін елден кетпеген және Қазақстанда заңсыз болған. Мигрант ҚР шегінен мәжбүрлеп шығарып жіберілді", – делінген хабарламада.

Полицейлер шетелдікті әуе рейсімен Үрімжі қаласына жіберді.

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз