Жарыстың алғашқы күні "Astana cup" және "Alem baby cup" бәсекесімен ашылды. Бұл жерде 4 жастан бастап 15 жасқа дейінгі спортшылар жас ерекшеліктері бойынша жеке және топтық сайыстарда жүлдені сарапқа салады. Аталмыш турнирде Қазақстанның өңірлерінен бөлек, Ресей, Армения елдері қатысып жатыр.
Доданың тағы бір ерекшілігі – көркем гимнасшыларды әділ бағалау мақсатында Қырғызстан, Өзбекстан және Әзербайжан елдерінен төрешілер шақырылды.

Айта кетейік, төрт күнге жалғасатын турнирлер сериясы мына тәртіппен өтеді:
- "Fig alem cup" – 8, 9, 10 наурыз. Жарысқа Қазақстан, Италия, Кипр, Сирия, Канада және Қырғызстан елдерінен 60-тан астам лицензияланған гимнаст қатысады. "FIG ALEM CUP" – Халықаралық гимнастика федерациясының (FIG) ресми лицензиясы бар спортшылар бақ сынайтын халықаралық деңгейдегі турнир.
- "Alem cup" республикалық турнирі – 9 және 10 наурызда өтеді. Бұл жарысқа Қазақстан Республикасының 200-ден астам гимнасты, спорт шеберлері бағдарлама бойынша қатысады.
- "Astana cup" және "Alem baby cup" халықаралық турнирлері – 7 және 8 наурыз. Аталған жарыстарға Израиль, Ресей, Канада, Португалия, Армения және Қазақстаннан шамамен 800 гимнаст қатысады. Турнирлер барлық жас санатын қамтиды – ең жас қатысушылардан бастап жоғары разрядтағы спортшыларға дейін, оның ішінде алғашқы жарысына қатысатын гимнастар да бар.
USD:
491.5 / 494.3
EUR:
568.0 / 573.0
RUB:
6.17 / 6.29
Пікірлер
Әзірге пікірлер жоқ…