Тікелей эфир

Астанада Конституция күніне орай қандай мерекелік шаралар өтеді

Мерекелік шаралар 29-31 тамыз аралығына жоспарланған.

30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай, Астанада 50-ден астам мәдени, спорттық, әлеуметтік іс-шара өткізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.ып отыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

29 тамыз:

  • "Астана қаласы мемлекеттік архиві" ММ-нің әлеуметтік желілерінде "Конституция – тұрақтылық пен өркендеудің негізі" атты виртуалды көрме өткізіледі. Сонымен қатар, осы күні Есіл өзенінің жағалауында сағат 19:00-де "Жасай бер, Қазақ елі" концерті ұйымдастырылады.
  • Сағат 10.00-ден бастап ҚР Ұлттық музейінде Конституция күніне орай салтанатты іс-шара өтеді. Іс-шара барысында шақырылған ресми тұлғалардың құттықтау сөздері, мәдени бағдарлама, сондай-ақ, ҚР Конституциясының тарихына арналған Ұлттық музей залдарына экскурсия жүргізілу жоспарланған.
  • Сағат 10.00 ден 18.00-ге дейін Байқоңыр ауданында "Конституция – мәңгілік елдің тұғыры" атты кітап көрмесі Жазушылар аллеясында ұйымдастырылады.
  • Сағат 10.00-де Ж. Досмухамедұлы, 2 мекенжайы бойынша № 55 орта мектебінде Байқоңыр ауданының тұрғындары арасында шағын футболдан жарыс өтеді.
  • Сағат 17:00-де Жастар сарайында "Жасыл ел" жобасының жабылу салтанаты өтеді. Жиын барысында концерттік бағдарлама ұйымдастырылады және Үздік сарбаздар марапатталады.
  • Сағат 10.00-де "Нұра" ауданының ардагерлер кеңесінің мүшелері Кәсіби-технркалық колледждің оқушыларымен Конституция тақырыбында дәріс өткізіп, талқылау ұйымдастырады.
  • Сағат 10.00-де білім мекемелерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізіледі.

Оқи отырыңыз: Конституция 1995 жылдан бері қалай өзгерді? Таймлайн


30 тамыз

  • Сағат 9.00-де "Аспан" спорт кешенінде 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойыны аясында және Конституция күніне арналған жастар мен ересектер (ерлер, әйелдер) арасындағы асық атудан қалалық ашық кубогы ұйымдастырылады.
  • Сағат 8.00-де "Ботаникалық саябақта" бұқаралық жүгіру; 30-31 тамызда сағат 9.00-де "Дәулет" МКҚК-де әуесқойлар арасындағы теннис турнирі; 31 тамыз күні Сарыарқа ауданы аумағында аудан тұрғындары арасында "SARYARQA RUN" марафоны өткізіледі.
  • "Нұра" ауданының мектеп оқушыларына "Атамекен" этно-мемориалды комплексіне экскурсия жүргізіледі.
  • Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясында сағат 11:00-ден бастап 20:00-ге дейін "Жас Әлем" балалар фестивалі ұйымдастырылады.

31 тамыз

  • Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияда сағат 19:00-де "ALEM" заманауи этно-шоу балетінің "NOMADS FIRE" концерті өтеді.
Серіктестер жаңалықтары