Тікелей эфир

Астанада кезекті бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

Жәрмеңкеге құрылыс, білім, медицина, сауда, көлік-логистика, қаржы және т.б салалардағы жұмыс берушілер қатысады.

Астанада "Еңбек мобильділігі орталығы" КММ 9 қараша күні сағат 14.30-17.00 аралығында "Жастар" сарайында "Бос жұмыс орындары жәрмеңкесін" өткізеді. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігі хабарлады.

Жәрмеңкеде қала аумағында орналасқан мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардағы тұрақты және уақытша жұмыс орындарындағы бос жұмыс орындары ұсынылады.

Жәрмеңкеге құрылыс, білім, медицина, сауда, көлік-логистика, қаржы және т.б салалардағы жұмыс берушілер қатысады. Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне "Отбасы банк" АҚ, "Центр ипотеки Астана" ЖШС, "QazaqZher" ЖШС, "Астана Тазалық" ЖШС, "Банк ЦентрКредит" АҚ Астана қаласындағы филиалы және басқа да көптеген жұмыс беруші компаниялар қатысады.


Оқи отырыңыз: Астанада бос жұмыс орны жәрмеңкесінде екі мыңға жуық орын ұсынылды


Сондай-ақ, шара аясында "Жастар практикасы", "Алғашқы жұмыс", "Ұрпақтар келісімшарты" бағдарламалар кәсіптік оқыту және enbek.kz порталымен жұмыс істеу бойынша түсіндіру жұмысы жүргізіледі.

Серіктестер жаңалықтары