Астанада форумға байланысты бірқатар көшеде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Фото Pexels.com
Фото Pexels.com
Әлемнің түкпір-түкпірінен шамамен 600 шетел азаматы қонақ қатысады

Астанада 29-30 мамыр күндері өңірдегі ең ірі іскерлік оқиғалардың бірі – Astana International Forum (AIF) 2025 өтеді, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі. 

Форум әлемдік көшбасшылардың, сарапшылардың, инвесторлар мен бизнес өкілдерінің басын қосады.

Әлемнің түкпір-түкпірінен шамамен 600 шетел азаматы қонақ қатысады деп күтіліп отыр. Олардың қатарында жетекші саясаткерлер, халықаралық ұйымдар мен корпорация басшылары, инвесторлар және ғылыми орта өкілдері бар.

Форумның өткізілуіне байланысты Астанада бірқатар көшеде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Мына учаскелердегі жолдар жабылады:

  • Анадолы көшесі (бір бағытымен) – Г.Әлиев көшесінен Ақмешіт көшесіне дейін;
  • Г.Әлиев көшесі (бір бағытымен) – Анадолы көшесінен Н. Балғымбаев көшесіне дейін;
  • Ақмешіт көшесінде ресми кортеж қозғалысы кезінде уақытша шектеулер қойылады.

"Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден жол қозғалысын ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескере отырып, өз бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында жол бойына уақытша жол белгілері мен нұсқағыштар орнатылады", – делінген хабарламада.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз