Астанада егізінен айырылған ананың оқиғасы бойынша тексеріс жүріп жатыр

Фото: ЖИ көмегімен жасалды
Фото: ЖИ көмегімен жасалды
Жүкті әйелдің жақындары дәрігерлерді салғырттық танытты деп айыптады.

Перинаталдық орталықта нәресте шетінегеннен кейін Астана қаласы Әлеуметтік денсаулық сақтау басқармасы қызметтік тексеріс жүргізіп жатыр. Бұл туралы мемлекеттік органның баспасөз қызметі хабарлады.

Отбасылық трагедия туралы Threads әлеуметтік желісінің қолданушысы жазды. Егіз балаға жүкті болған Астана тұрғыны екі сәбиінен де айырылып қалған. Бірінші шарана жүктіліктің алтыншы айында шетінеген. Дәрігерлер әйелді екінші баланы аман-есен босана аласың деп сендірген. Дегенмен арада бірнеше апта өткенде жүкті әйелдің жағдайы нашарлап, іш терісі көгере бастаған.

"Іштегі өлі бала шіріп жатыр, аман тұрған екінші сәбиді құтқару керек еді. Бірақ дәрігерлер олай істемеді. 109 қызметіне шағымданғанша, жаман анализдермен үш күн бойы ұстап отырды. Содан кейін ғана дәрігерді шұғыл шақыртып, шұғыл ота жасауға шешім қабылдады. Плацентаға тиіспей, шетінеп кеткен шарананы алып шықты. Екінші сәби 31-аптада дүниеге келді. Дәрігер оның дені сау, мықты бала екенін айтқан еді. Өкінішке қарай, ол бұл дүниеде бір-ақ күн өмір сүрді. Себебі – сепсис. Іштегі тірі бала мен өлі баланы сонша уақыт бірге ұстаса, әрине, сепсис болады", – деп жазды пациенттің қайын сіңлісі.

Оның айтуынша, емхана мен аурухана дәрігерлері екі бірдей перзентінен айырылған әйелдің психологиялық жағдайына еш алаңдаушылық білдірмеген.

Әлеуметтік денсаулық сақтау басқармасы бұл жағдайдың бақылауда екенін айтып сендірді. Пациент қазір босанғаннан кейінгі бөлімде ем алып жатыр. Басқарма қызметтік тексеріс жүргізуде, оның қорытындысы бойынша тиісті баға беріледі.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау