Астанада бойжеткенді бұрынғы жігіті өлтіріп кеткен: інісі пышақ жарақатымен ауруханаға түсті

Фото: Polisia.kz
Фото: Polisia.kz
Қылмыстық іс қозғалды.

Астанада бойжеткенді пышақтап өлтіріп кеткен. Полиция өкілдері бұл ақпаратты растады.

Артынша інісін де жарақаттағаны туралы ақпарат тарады.

Астанада адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полицияға тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінде пышақ жарақаты туралы хабарлама түскен.

"Оқиға орнынан зорлық белгілері бар қыздың мәйіті табылды. Оның кәмелетке толмаған інісі де жарақат алып, пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізілді", – делінген полиция хабарламасында.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Желіде тараған ақпарат бойынша күдікті – қыздың бұрынғы жігіті.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз