Астанада автобус жол шетіндегі жыраға түсіп кетті: 14 жолаушы ауруханаға жеткізілді

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
Жол апатынан зардап шеккендердің көбі жеңіл жарақат алған.

Астанада автобус жол шетіндегі жыраға түсіп кетіп, 14 адам зардап шекті, деп хабарлайды қалалық денсаулық сақтау басқармасы.

Оқиға Кабанбай батыр көшесінде болған. Зардап шеккендердің барлығы жедел жәрдем арқылы қалалық көпсалалы стационарларға және ұлттық шұғыл медицина үйлестіру орталығына жеткізілді.

"Қабылдау бөлімінде барлық зардап шеккендер салалық мамандардың тексеруінен өтті. Бірқатарына амбулаторлық ем тағайындалды, ал қалғандары қосымша тексеруден өтіп жатыр", – делінген ресми хабарламада.

Алдын ала мәлімет бойынша, жолаушылардың басым бөлігі жеңіл жарақат алған.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз