Тікелей эфир

Астанада автобус жаяу жүргіншіні соғып кетті: әйел оқиға орнында қаза болды

Оқиға бүгін болды.

Астанада Тұран мен Сығанақ қиылысында автобус жаяу жүргіншіні соғып кетті. 

"Автобус жүргізушісі Сығанақ көшесімен жүріп, Тұран даңғылына оңға бұрылу кезінде жолды реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелімен кесіп өткен жаяу жүргіншіні соққан. Әйел алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды", – деп хабарлады полиция департаменті.

Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажет сараптамалар тағайындалды.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
1

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары