Астанада Atyrau Creative Days жәрмеңкесі ашылды

Астанада Atyrau Creative Days жәрмеңкесі ашылды
Шара барысында Атырау облысының шығармашылық өкілдері өз жұмыстарын елорда тұрғындары мен қонақтарына таныстырады.

Астанада Atyrau Creative Days жәрмеңкесі ашылды. Жәрмеңкеге Атырау облысы әкімінің орынбасары Марат Мурзиев және Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов қатысты. Қонақтар жәрмеңке алаңын аралап, шығармашылық өкілдердің жұмысымен танысты.

Жәрмеңкенің ашылу бағдарламасы "Sarmad" этно-фольклорлық ансамблінің өнерімен басталып, Атырау жастар театрының музыкалық бағдарламасымен жалғасты.

Бағдарламаның сән бөлігінде Атырау облысынан арнайы келген дизайнерлердің авторлық киім топтамалары дефиле форматында көпшілік назарына ұсынылды.

Жәрмеңке ертең де жалғасады. Келушілер Атыраудың өнері, дизайны, қолөнері мен креативті жобаларымен жақынырақ танысып, өзіне ұнаған бұйымдарды тікелей авторларынан сатып ала алады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау