Астанада 7 көшеге Bus Lane жолақтары енгізіледі

Қазіргі уақытта көрсетілген учаскеде жолақтарды сызу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Астанада 15 маусымнан 16 маусымға қараған түні Ш.Айтматов көшесінде Bus Lane қоғамдық көлігі үшін бөлінген жолақ енгізіледі, деп хабарлады елорда әкімдігі.

Ол Ш.Қосшығұлұлы көшесінен Ж.Молдағалиев көшесіне дейінгі учаскені қамтиды, жалпы ұзындығы 10,5 км болады.

"Бұл — осы жылы жеті учаскеде енгізілетін Bus Lane жолақтардың алғашқысы. Бұған дейін хабарлағандай, бөлінген жолақтар Мәңгілік ел, Тұран, Тәуелсіздік даңғылдары мен Керей Жәнібек хандар көшесіне, Ұлы Дала және Р.Қошқарбаев даңғылдарына енгізіледі", – делінген хабарламада.

Bus Lane қоғамдық көліктер қозғалысының жол жүру уақытын, аралықты, аялдамаларда жолаушылардың автобустарды күту уақытын қысқартуға, орташа пайдалану жылдамдығын арттыруға ықпал етеді. Сонымен қатар жедел жәрдем қызметі, арнайы қызметтер мен өрт сөндіру көліктерінің кедергісіз қозғалысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз