2023 жылғы 29 шілдеде Ұлттық ғылыми онкология орталығы 1 тамыз – Дүниежүзілік өкпе обыры күні қарсаңында өкпенің қатерлі ісіктерінің профилактикасы және ерте диагностикалау бойынша ашық есік күнін өткізеді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Астана қаласының барлық тұрғыны мен қонағы сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін онколог, хирург дәрігерлерден тегін жоғары білікті консультация алуына болады.
"Бұл іс-шараның мақсаты – халықты обыр, қатерлі ісіктердің қаупі мен оның даму факторлары, ерте диагностикалау мүмкіндіктері және өкпе обырын уақтылы анықтау туралы хабардар ету. Жаныңызда жеке куәлігіңіз және барлық алдыңғы медициналық қорытындылардын, клиникалық-зертханалық зерттеулердің қолда бар нәтижесі болуы керек", – делінген хабарламада.
Өтетін орны: Астана қаласы, Керей және Жәнібек хандар көшесі, 3, Клиникалық-диагностикалық емхана.
Дәрігерлердің консультациясына алдын ала жазылу керек. Сall-орталықтың бірыңғай нөмірлері : 8 (7172) 702-911, 702-900, жұмыс уақытында: сағат 8:00-ден 17:00-ге дейін, жұмыс күндері: дүйсенбіден жұмаға дейін жүргізіледі, сенбі және жексенбі – демалыс күндері.