Астанада 29 қарашадан бастап үш қоғамдық көлік бағдары іске қосылады

Фото fotobus
Фото fotobus
Жаңа маршруттардың жүру жолы белгіленді.

Астанада 29 қарашадан бастап қоғамдық көлік желісіне үш жаңа маршрут қосылады, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Жаңадан ашылған бағдарлар:

  • № 65 бағдар – Болашақ көшесі – "Отау" шағын ауданы;
  • № 68 бағдар – "Газмашаппарат" АҚ – "Бағыстан" тұрғын үй кешені;
  • № 78 бағдар – Ұлттық шұғыл медициналық үйлестіру орталығы – № 64 мектеп-лицейі қатынасымен жүреді.

"Жаңа бағдарлар елорданың бірқатар маңызды нысаны арқылы жүреді. Мысалы, №65 бағдар жаңадан ашылған С.Шаймерденов көшесімен қатынайды, №68 бағыты "Бағыстан" ТК қаланың оң жағалауымен байланыстырып, К.Әзірбаев және М.Жұмабаев  көшелерін қоғамдық көлікпен қамтамасыз етеді. Жаңа бағыттардың жұмысы жолаушылар тасымалының сапасын арттыруға және қоғамдық көлікпен қамтуды жақсартуға бағытталған. Қозғалыс сызбаларын Avtobys қосымшасынан көре аласыздар", – делінген хабарламада.

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз