Тікелей эфир

Астанада 28-30 қарашада балаларды спорт секцияларына тегін қабылдау жүргізіледі

Өтінім қабылдау уақыты: 28 қараша сағат 15.00 мен 30 қараша сағат 00.00 аралығы.

Астана қаласы әкімдігінің "Мемлекеттік спорттық тапсырысты іске асыру дирекциясы» КММ балаларды спорт секциясына қабылдау 28-30 қарашада жүргізілетінін хабарлады.

Өтінім қабылдау уақыты: 28 қараша сағат 15.00 мен 30 қараша сағат 00.00 аралығы. 

"Баланың заңды өкілінің өтініш беруі оның жеке өзі немесе баланың заңды өкілдеріне берілген сенімхат бойынша жүзеге асырылатынына назар аударған жөн. Осы талаптың бұзылуы анықталған кезде ақпараттық жүйе кезектегі өтінішті және ол бойынша берілген ваучерді жояды", – делінген ресми хабарламада.

Ал 1 желтоқсаннан 31 желтоқсанға дейін өтінімдерді қабылдау, орындарды бөлу және ақпараттық жүйенің ваучерлерін беру тоқтатылады. 


Оқи отырыңыз: Бала үшін жеке мектеп дұрыс па, мемлекеттік мектеп дұрыс па?


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары