Тікелей эфир

Астанада 24 ақпаннан бастап жаңа бағдардағы автобус жолаушы тасымалдайды

Бағдардың қозғалыс сызбасын әлеуметтік желідегі cts_kz парақшасындағы Taplink арқылы көруге болады.

Астанада 24 ақпаннан бастап «Астанаинерт» – «№ 4 өрт сөндіру бөлімі» қатынасымен жаңа №42 бағыт іске қосылады. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.

Қоғамдық көліктің бағыты:

  • "Агроқалашық" тұрғын алабында Оқжетпес, Қарбышев, Мұса Жалел, Ақан сері көшелеріне;
  • Қараменде би Шакаұлы, Ш. Айтматов көшелеріне, "Шарын", "Мадрид" ТК;
  • "Жағалау" шағын ауданында Ш.Айтматов, Сығанақ көшелері,"Brussels", "Жағалау-32", "Құлагер", "Шығыс", "Sat city", "Зеленый квартал" тұрғын үй кешендеріне көліктік қызмет көрсетуді жақсартады.

Сол сияқты осыған дейін қоғамдық көлік жүрмеген Тұран даңғылының Ұлы дала даңғылынан Хусейн бен Талал көшесіне дейінгі аралықта қызмет көрсетуді жүзеге асырады.

Сондай-ақ, бағыт "ҚР ІІМ орталық госпиталі", "№2 қалалық көпсалалы аурухана", "№3 көпсалалы қалалық балалар ауруханасы", "ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасы" ауруханаларына қызмет көрсетуді жақсартуға мүмкіндік береді.


Оқи отырыңыз: Жүргізушілерге аптасына 91 сағат жұмыс істеткен автобус парктерінің басшылары жазаланды


Айта кетейік, Тұран даңғылының Орынбор және Р.Бағланова көшелерінің арасы уақытша жабылуына байланысты, бағдар Қабанбай батыр даңғылымен жүреді.

Серіктестер жаңалықтары