Астанада 22 қарашадан бастап №82 жаңа автобус бағыты іске қосылады

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Астанада көлік желісі кеңейіп жатыр.

22 қарашадан бастап Астанада жаңа №82 бағыттағы автобус қозғалысы іске қосылады, деп хабарлады City Transportation Systems компаниясы.

Автобус "Орда базар" аялдамасынан "Зерде" мектебіне дейін қатынайды.

Маршрут Алаш шоссесімен басталып, Уәлиханов көшесіне бұрылады. Одан әрі қозғалыс Абылай хан даңғылы, Жұмабаев көшесі, Тәуелсіздік және Әл-Фараби даңғылдары арқылы жалғасады. Сондай-ақ бағыт Бұхар жырау көшесін де қамтиды. Жаңа маршрут елорданың қарқынды дамып келе жатқан аудандарында көлік қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Бұдан бұрын Астана әкімі Жеңіс Қасымбек жолаушылар ағынының артуына байланысты келесі жылы қалада тағы 13 жаңа маршрут іске қосылатынын мәлімдеген. Сонымен қатар Bus Line желісі кезең-кезеңімен кеңейеді. Қазірдің өзінде ондаған учаскеде қозғалыстың арнайы жолақтары жұмыс істеп, жол жүру уақытын 25–30% қысқартып отыр.

Биыл автобус паркі шамамен 300 жаңа көлікпен толықпақ. Оның бір бөлігі қалаға жеткізіліп, желіге шығуға дайындалып жатыр. Әкімдік дерегінше, бұл жаңа бағыттарды іске қосуға және жолаушылар үшін аялдамадағы күту уақытын азайтуға мүмкіндік береді.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары