USD: 477.7 / 481.7
  • EUR: 555.0 / 561.0
  • RUB: 6.41 / 6.53
Тікелей эфир
Алматы +19C
Все города

Астанада 18 жастағы жігіттің үйінен 500 түйіншек гашиш табылды

Фото: Рolisia.kz
Фото: Рolisia.kz
Астанада есірткіге қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Астанада полиция қызметкерлері есірткі таратты деген күдікпен 18 жастағы жас жігітті қолға түсірді.

Полиция департаментінің мәліметінше, тінту барысында күдіктінің үйінен тыйым салынған заттардың ірі көлемдегі қоры табылған.

"Асүйдегі шкафтардың ішінен электронды таразылар мен есірткіні қаптауға арналған құралдар анықталды. Сонымен қатар балмұздақ шәрбатының бос бөтелкесінен өзіне тән иісі бар сары түсті сұйық зат табылған. Сараптама нәтижесінде оның каннабис шайыры екені белгілі болды. Бұдан бөлек, сары түсті сұйықтық құйылған тағы екі ыдыс тәркіленген", – делінген хабарламада. 

Мамандар олардың құрамында гашиш майы болғанын анықтаған.

Тінту кезінде түрлі түсті изолентамен оралған түйіншектері бар пластик ыдыс та табылды. Оның ішіндегі өсімдік тектес заттың ерекше иісі болған. Жалпы саны шамамен 500 түйіншек гашиш тәркіленген.

Астананың полиция департаменті мәліметінше, тәркіленген есірткінің жалпы салмағы бір келіден асқан.

"Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция есірткінің заңсыз айналымы қоғамға үлкен қауіп төндіретінін ескертеді", – делінген хабарламада.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз