Тікелей эфир

Астана-Теміртау тас жолында жылдамдық шегі өзгертілді

Жылдамдық шегі 120-дан 140 км/сағ-қа дейін өзгерді.

Астана-Теміртау тас жолында жылдамдық 120 км/сағ-тан 140 км/сағ-қа өзгертілді, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖол" ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, 1305 шақырымнан 1327 шақырымға дейінгі жол учаскесінде жылдамдықты шектеуге өзгертулер енгізілген.

Алайда, Астана-Теміртау ақылы жолының Аршалы ауылы жанындағы көлік айрығы жанындағы учаскесінде ұзындығы 4 км (республикалық маңызы бар Екатеринбург-Алматы тас жолының 1327 км +350 м-ден 1331 км +450 м дейін) 120 км/сағ жылдамдыққа шектеу бар.

2023 жылдың мамыр айында Аршалы аудандық ішкі істер бөлімінің бұйрығымен тас жолдың сол учаскесінде 1305 шақырымнан 1327 шақырымға дейін 140 шақырымнан 120 шақырымға дейін уақытша шектеу енгізілді.

"Бұл учаске «Автомобиль жолы» 1-А санатына жатады, онда автомобиль жолдарында жүру тәртібін белгілейтін ережелерге сәйкес максималды жылдамдық 140 км/сағ құрайды", – деп жазылған хабарламада.


Оқи отырыңыз: "Қала ішінде – 180 км/сағат". Әділет министрлігі жүргізушілерге жаңа айыппұлдар жобасын әзірледі


Ведомство республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында келесі жылдамдық шектеулері белгіленгенін еске салды:

  • I-a санаты – 140 км/сағ (Астана – Павлодар, Астана – Щучинск, Астана – Теміртау, Алматы – Қонаев);
  • I-b санаты – 110 км/сағ (Алматы – Қорғас, Шымкент – Өзбекстанмен шекаралас, Қонаев – Талдықорған, Шымкент – Қызылорда, Шымкент – Тараз, Тараз – Қайнар, Щучье – Көкшетау);
  • II санат – 100 км/сағ (Павлодар – Семей – Қалбатау, Көкшетау – Петропавл, Павлодар – Ресей Федерациясымен шекарасы (Омск бағыты), Орал – РФ шекарасы (Самара бағыты), Орал – Ресей Федерациясымен шекарасы (Саратов бағыты), Бейнеу – Ақжігіт – Өзбекстанмен шекара).
Серіктестер жаңалықтары