USD: 469.3 / 471.7
  • EUR: 535.0 / 540.0
  • RUB: 5.69 / 5.81
Тікелей эфир
Алматы +27C
Все города

Астана қаласы Табиғи ресурстар басқармасының басшысына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Шенеуніктің қандай күдікке ілінгені әзірге айтылмады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Астана әкімдігінің құрылымдық басқармаларының бірінің басшысына қатысты қылмыстық іс қозғады. Айыпталушы – қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының басшысы Әлия Қожабаева.

"Тергеу шаралары жүріп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге де ақпараттар жариялауға жатпайды", – деді Антикор.

Әлия Қожабаева басқарманы 2020 жылдың ақпан айынан бастап басқарып келеді. Оған дейін басқарма бастығының орынбасары қызметін атқарған.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау