Тікелей эфир

Астана мен Алматыда субұрқақтар бір күнде іске қосылады

Субұрқақ маусымы 1 мамырда ашылады.

Алматы мен Астанада субұрқақтар іске қосу үшін дайындық жұмыстары басталды. Оңтүстік және солтүстік астаналардың әкімдіктері субұрқақ 1 мамырда ашылатынын айтты.

Астананың коммуналдық қызметтері нысандарды мамыр айының бірінші күні іске қосу үшін жұмыстарын жүргізуде. Алматы әкімдігі "Алматы – ортақ үйіміз" акциясы аясында субұрқақтар тура сағат 11.00-де іске қосылатынын айтты.

Алматыдағы экология департаменті мегаполисте барлығы 150 субұрқақ болса, оның 66-сы коммуналдық меншікте екенін түсіндірді.


Оқи отырыңыз: Астанада 1 мамырдан бастап субұрқақтар іске қосылады


Айта кетейік, бұған дейін Алматыда субұрқақтар маусымы 25 мамырдан 25 қазанға дейін созылған болатын. Өткен жылы ол әдеттегіден ерте – бірінші мамырда басталды. Субұрқақтар бес градустан жоғары температурада жұмыс істей алады.

Серіктестер жаңалықтары