"Астана LRT" компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ардан Түркияда ұсталды

Талғат Ардан / Фото "Астана LRT"
Талғат Ардан / Фото "Астана LRT"
Ол қазір қамауда.

Түркияда "Астана LRT" компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ардан ұсталды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) баспасөз қызметі хабарлады.

2019 жылғы қыркүйекте бас прокуратура Түркияның Әділет министрлігіне халықаралық іздеуде жүрген "Астана LRT" ЖШС-нің бұрынғы басшысы Талғат Арданды ұстап беру туралы сұрау жіберген болатын.

"Осыған байланысты Түркия Республикасының құзырлы органдары тиісті іздестіру шараларын жүргізген. Биыл ҰҚК оның нақты болған жерін анықтады, содан кейін Түркияның құқық қорғау органдары оны Анталья қаласында ұстады. Биыл 9 мамырда Анталья қаласының соты Арданды Қазақстанға депортациялау туралы шешім қабылдады және ол қазір қамауда", – делінген хабарламада.

Қазақстанның құзыретті органдары аталған адамды Қазақстанға қайтару бойынша құқықтық рәсімдерді бастады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Астана қаласының соты Талғат Арданды қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі және 361-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, сырттай тоғыз жылға бас бостандығынан айырған еді. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау