Тікелей эфир

Астана әкімдігінің 1084 білім грантына кімдер үміткер болды

"Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша кемінде 75 балл жинаған талапкерлер мемлекеттік білім грантына үміткер бола алады.

2023-2027 оқу жылдарына Астана қаласының әкімдігі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 1084 білім грантын педагогикалық мамандықтар бойынша бөліп келеді. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

"2023-2027 оқу жылдарына Астана қаласының әкімдігі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 1 084 білім грантын педагогикалық мамандықтар бойынша (дене шынықтыру, шет тілі, география, тарих, Педагогика және психология математика, информатика, орыс тілі мен әдебиеті, физика, химия, биология мұғалімдері, шетті тілі), гуманитарлық пәндер бойынша исламтану, дінтану, Теология), медициналық (резидентура) бөліп келеді", – делінген әкімдік хабарламасында. 

ҰБТ-дан өткен және оның нәтижесі бойынша "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша – кемінде 75 балл жинаған талапкерлер, педагогикалық мамандықтар бойынша мемлекеттік білім грантына үміткер бола алады.


Оқи отырыңыз: 10 тамызда "Қазақстан халқына" қорының білім гранттарына өтініш қабылдау басталады. Оны алу үшін не істеу керек?


 

Серіктестер жаңалықтары