USDUSD: 510.9 / 513.3
  • EUREUR: 581.5 / 585.5
  • RUBRUB: 6.35 / 6.47
Тікелей эфир
Алматы +24C
Все города

Әскери парадқа байланысты Астананың әуе кеңістігі уақытша жабылады

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
Жолаушылар үшін қажетті байланыс нөмірлерін ұсынамыз.

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі 22 сәуір мен 7 мамыр аралығында сағат 10:00-ден 13:00-ге дейінгі уақытта Астана қаласының әуе кеңістігі уақытша жабылатынын хабарлады. 

"Қорғаныс министрлігінің ақпаратына сәйкес елордада 2025 жылғы 22 сәуір мен 7 мамыр аралығында сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін әскери парадты дайындауға және өткізуге байланысты әскери авиацияның оқу-жаттығу ұшуларын орындау үшін Астана қаласының әуе кеңістігін пайдалануға қысқа мерзімді шектеулер енгізіледі", – делінген әкімшілік хабарламасында. 

ҚАӘ осыған байланысты жолаушылардан сапарларын жоспарлау кезінде осы шектеулерді ескеруді, сондай-ақ әуе компания мен әуежайдың ақпарат қызметтерінен рейс күйін тексеруді сұрайды. 

Жолаушылар білуі тиіс байланыс нөмірері: 

  • Air Astana: Алматы: + 7 (727) 244 44 77. Астана: + 7 (7172) 58 44 77. қосымша тел.: + 7 702 702 44 77, +7 705 927 44 77. 
  • SCAT: +7 (7252) 99 88 80. 
  • Qazaq Air: +7 (727) 356 14 14.
  • FlyArystan: +7 (727) 331-10-10. + 7 702 702 02 27 (WhatsApp). 
  • Астана әуежайы: +7 (7172) 702–999. 

Оқи отырыңыз: Жеңістің 80 жылдығы: Астанада 4 мыңнан астам әскери қызметші парадқа дайындалып жатыр


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары