Жамбыл облысындағы оқ-дәрі қоймасында болған жарылыстан кейін әскери мүлікті қасақана жою не бүлдіру ауыр қылмыстар санатына ауыстырылмақ.
Әділет министрлігі Ашық НҚА порталында ҚР кейбір заңнамалық актілеріне Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын жариялады.
Заң жобасында Қылмыстық кодекстің бірнеше бабына өзгеріс енгізу көзделген. Соның бірі – "Әскери мүлiктi абайсызда жою немесе бүлдiру" атты 460-бап.
Жобада қару-жарақты, қозғалыс құралдарын не әскери техниканы ауыр зардаптарға әкеп соққан абайсызда жою немесе бүлдiру 4 000 АЕК дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына әкеп соқтыратыны жазылған.
Қазіргі редакцияда бұл бап үшін 200 АЕК дейiнгi мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 50 тәулiкке дейiнгi мерзiмге қамаққа алу жазасы қолданылады.
Оқи отырыңыз: 2023 жылы әскери қызметшілер жалақысы 60%-ға дейін өседі
Сондай-ақ, Қылмыстық кодекстің 459-бабына өзгеріс енгізу жоспарланған. Әскери мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру 4 мың АЕК дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Қолданыстағы редакцияда айыппұл сомасы – 2 мың АЕК, ал бас бостандығынан айыру жазасы – екі жыл.
Бұл әрекет ауыр зардаптарға әкеп соқтырса, зорлық-зомбылық қолданып не қолданамын деп қорқытып, алдын ала сөз байласу арқылы жасалса 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады. Қазіргі редакцияда бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Ұлыбританияда кейінгі он жылдағы ең ауқымды ереуіл өтіп жатыр
-
395
-
0
-
5
-
-
22023-2024 оқу жылына арналған шетелдік гранттар мен тағылымдамалар топтамасы 📚
-
374
-
0
-
3
-
-
3Қытайдан Қазақстанға жүк тасымалдаушы компания бағаны заңсыз өсірген
-
373
-
0
-
2
-
-
4Пияз тиеген жүк көліктері үш күннен бері ел шекарасынан Ресейге өте алмай тұр
-
359
-
0
-
2
-
-
52023 жылы коммуналдық қызметтер бағасының өсуіне не себеп?
-
363
-
0
-
2
-
-
6Алматыда 2 автобус соқтығысып, салдарынан 6 адам жарақаттанды
-
367
-
0
-
2
-
-
7Қазақстандағы 51 халық әртісінің 44-інің жалақысы 8848 теңгеге артады
-
355
-
0
-
3
-
-
8Елге ғасырдан астам тарихы бар жәдігерлерді әкелген музейлер ҚҚС төлеуден босатылады
-
336
-
0
-
1
-
-
9Мемлекет басшысы Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжановты қабылдады
-
308
-
0
-
1
-
-
10Түркістан облысында бірнеше елді мекенді су басты
-
297
-
0
-
1
-