Тікелей эфир

Асанәлі Әшімов жеке құжаттарын Мемлекеттік архивке табыс етті

Архивте "Кино және театр тарланы – Асанәлі" музей бұрышы ашылды.

Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстан және КСРО еңбек сіңірген артисі, кино және театр актері әрі режиссері Асанәлі Әшімов жеке қолжазбаларын, марапаттары мен кітаптарын, киноларға түскенде қолданған бағалы заттарын Мемлекеттік архивке тапсырды. 

"Еңбекпен келген әр зат мен үшін бағалы. Қарап отырсам, мұның бәрі қазір – тарих. Біз көп болса жүз жасармыз, ал бұл заттар мың жасайды. Оған архив қызметкерлері ұқыпты қарап, олардың жоғалып кетуіне жол бермейді. Мұнда жалғыз менің ғана емес, басқа да танымал адамдардың заттары қойылған. Бұл жақсы бастама. Ол келешек ұрпақ үшін жасалып жатыр", – деді Асанәлі Әшімов.

Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматының Мәдениет басқармасы Мемлекеттік архивте "Кино және театр тарланы – Асанәлі" музей бұрышын ашты. Асанәлі Әшімовке қатысты 200-ден астам құжат пен экспонатты тамашалап, зерттеу үшін архивке алдын ала өтінім беру қажет.

Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Серіктестер жаңалықтары