USD: 469.3 / 471.7
  • EUR: 535.0 / 540.0
  • RUB: 5.69 / 5.81
Тікелей эфир
Алматы +27C
Все города

"АрселорМиттал Теміртау" компаниясы "Қазақстан халқына" қорына 16 млрд теңге аударады

"АрселорМиттал Теміртау" компаниясы "Қазақстан халқына" қорына 16 млрд теңге аударады
Жаңа инвестор 250 млн доллар қарызды жабу және 450 млн доллар көлеміндегі ұзақ мерзімді қарызды өтеу бойынша міндеттемелерді өз мойнына алады.

"АрселорМиттал Теміртау" компаниясы "Қазақстан халқына" қорына 16 млрд теңге аударатын болды. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев мәлімдеді. 

Министрдің айтуынша, бұл қаражаттың тең жартысы Теміртау қаласын және қалған бөлігі Қарағанды облысын дамытуға жұмсалады. 

"Компания өкілдерін "Қазақстан халқына" қайырымдылық қорын қолдау үшін 16 млрд теңге көлемінде жарна аударуға көндірдік. Бұл қаражат Қарағанды облысы тұрғындарының білім және мәдениет, денсаулық сақтау және спорт саласындағы өзекті мәселелерін шешуге жұмсалады. Сондай-ақ маңызды жобаларды қолдауға бағытталады. Ал қалған 50 пайызы Теміртау қаласын дамыту мақсатында жұмсалмақ", – деді Қанат Шарлапаев.


Оқи отырыңыз: Тоқаев қазақ тілін қолдайтын қорға өз қаражатынан 7 млн теңге аударды


Айта кетсек, "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының жаңа инвесторы анықталды – отандық бизнесмен Андрей Лаврентьев. Ол Allur Group компаниялар тобы директорлар кеңесінің төрағасы. Компаниялар тобы – Chevrolet, KIA, JAC және LADA автобрендтерінің Қазақстан аумағындағы ресми өндірушісі және дистрибьюторы.

Мұнымен қатар "АрселорМиттал Теміртау" инвесторы ауысқан соң компания "Қармет" тарихи атауын қайтаруы мүмкін. Алайда жаңа инвестор бұл ақпаратты әлі ресми түрде растамады. 

 

 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау