Тікелей эфир

Ақтөбенің бұрынғы әкімі Үкімет басшысының кеңесшісі болып тағайындалды

Ол 1978 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген.

Мұрат Өтемісұлы Жүребеков ҚР премьер-министрінің кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлады primeminister.kz.

Мұрат Жүребеков 1978 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын, Strathclyde университетін (Глазго, Шотландия), Гарвард бизнес мектебін (Бостон, АҚШ), Қазақстан-Британ техникалық университетін бітірген.

Әр жылдары "ҚазТрансГаз" ЖАҚ, "Интергаз Орталық Азия" ЖАҚ, Лондондағы "Аджип ККО", "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ және PSA ЖШС-да жауапты қызметтер атқарды.

2019 жылғы шілдеден желтоқсанға дейін энергетика вице-министрі болып қызмет етті, кейін энергетика бірінші вице-министрі болып тағайындалды.

2023 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында Ақтөбе қаласының әкімі болып қызмет атқарды.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары