2025 жылдың 1 сәуірінде "Келешек мектептері" ұлттық жобасы аясында Ақтөбе қаласындағы №82 жалпы білім беретін орта мектебі ашылды. Жақында ғана білім ордасы халықаралық институционалдық аккредиттеуден өтіп, білім беру сапасының халықаралық талаптарға сәйкес келетіндігін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Осылайша осы жоба аясында ашылаған мектептер арасында Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігінің (IQAA) халықаралық институционалдық аккредиттеу куәлігіне ие болған алғашқы мектептердің бірі болып отыр. Мектеп директоры Абзал Тажимишев білім ордасында қызмет ететін әрбір педагог пен білім алатын оқушылардың жетістігінің арқасында осындай дәрежеге жетіп отырғанын айтып отыр.
"Бұл жоғары жетістікті педагогтеріміздің кәсіби шеберлігі, ұжымымыздың бірлігі, оқушыларымыздың жетістіктері мен ата-ана қолдауының жарқын көрінісі деп білемін. Біз үшін бұл – тек мәртебе ғана емес, сапалы білім мен саналы тәрбие жолындағы жауапкершілікті одан әрі арттыра түсетін үлкен сенім деп нық айта аламын. Ұжым бір мақсат үшін жұдырықтай жұмылса, әрдайым биік белеске жетелейді", – деді Абзал Тажимишев.

Агенттік жүргізген кешенді бағалау қорытындысына сәйкес мектепке бес жылға халықаралық институционалдық аккредиттеу куәлігі берілді. Бұл ресми құжат мектеп қызметі мен сапасы ESG стандарттарына сәйкес келетінін растайды.
Мектептің материалдық-техникалық базасы 52 заманауи оқу кабинетінен тұрады: 35 сынып, 14 лингвистикалық бөлме, STEM, робототехника, өнер студиялары. Цифрлық кітапхана мен коворкинг орталықтары, интеллектуалды ойын алаңдары бар. Мектепте инклюзивті білім беру талаптары толық ескеріліп, ерекше мұқтаждығы бар балалардың кедергісіз қозғалуына барлық жағдай жасалған.
Сондай-ақ, биыл мектеп алғаш рет түлектерін ұшырып, 90 оқушы жаңа өмірге қадам басып отыр. Соның ішінде төрт оқушы "Алтын белгі" алса, 9 оқушы "Үздік аттестат" иегері атанды.
"Келешек мектептері" жобасы білім беру ұйымдарының инфрақұрылымын халықаралық талаптарға жақындатуға бағытталған. Тек жаңа ғимарат салуға емес, оқу процесінің сапасын арттыратын кешенді орта қалыптастыруға басымдық беріледі. Мектептер заманауи пәндік кабинеттер, STEM және робототехника зертханалары, заманауи оқу сыныптары, кітапханалар және спорт, шығармашылық кеңістіктермен жабдықталады. Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін де кедергісіз орта, инклюзивті білім беру қағидаттары сақталады.
Халықаралық стандарттарға сәйкес жобаланған мектептердің тағы бір ерекшелігі – қауіпсіздік пен жайлылыққа қойылатын талаптардың күшейтілуі. Энергия тиімділігі, табиғи жарықтың жеткіліктілігі, заманауи желдету жүйелері, функционалды оқу аймақтары және оқушылардың демалысына арналған кеңістіктер білім беру ортасының сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Мұндай тәсіл оқушылардың академиялық үлгерімін жақсартумен қатар, олардың шығармашылық әлеуетін ашуға, сыни ойлау қабілетін дамытуға және қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыруға ықпал етеді.
Экономикалық өсім ауыл мектептерінен бастау алады
Мемлекеттік мектепті екінші қатардағы білім ордасы ретінде қабылдайды – Жұлдыз Сүлейменова