Ақтөбедегі ірі жол апатынан жараланған науқас Астанаға ұшақпен жеткізілді

Фото: ТЖМ
Фото: ТЖМ
Ауыр жараланған азамат "Қазавиақұтқару" ұшағымен Астанаға жеткізілді.

Ақтөбе облысында 12 адамның өмірін қиған ірі жол апатында ауыр жараланған 50 жастағы ер адам Астанаға арнайы ұшақпен жеткізілді, деп хабарлайды ТЖМ.

Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, науқас ТЖМ-нің "Қазавиақұтқару" ұшағымен тасымалданған. Медициналық борт қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген, ал ұшу кезінде дәрігерлер оның жағдайын үздіксіз бақылап отырды.

"Экипаж бен медициналық бригада науқастың қауіпсіз және жылдам жеткізілуін қамтамасыз етті. Қазір ол елордалық дәрігерлердің бақылауында емін жалғастырып жатыр", – делінген ТЖМ хабарламасында.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз