Ол бұлайша Алматыға тегін жетіп алуды көздеген.
Ақтөбе теміржол вокзалында тепловоз төбесіне мініп, вагонға секірген тұрғын жауапқа тартылды. Стратегиялық аймақтың тәртібін бұзып, теміржолға және өз өміріне қауіп төндірген тұрғынға қатысты әкімшілік іс қозғалды. Бұл туралы "Қазақстан теміржолшысы" хабарлады.
"Теміржол көлігінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережесін бұзу", "Теміржол көлігін пайдалану ережесін бұзу", "Алкогольдік ішімдік ішу немесе қоғамдық орынға масаң күйде келу" баптарымен жауапкершілікке тартылған тұрғыннан жауап алу кезінде ол пойыздан "Алматы" деген жазуды көріп, мініп кетуді ойлағанын айтқан.
Оқиға 21 қыркүйек күні сағат 15:30 шамасында "Алматы-Ақтөбе" бағытындағы жолаушылар пойызында болған. Ер адам маневрлік тепловоздың үстіне мініп, вогонның үстіне секірген. Перронда болған бұзақылық желілік полиция қызметінің жедел әрекетімен дереу тоқтатылды.
"Алматы-Ақтөбе" бағытындағы жолаушы пойызы Ақтөбе вокзалына келіп, халық түсіп болғаннан кейін маневрлік тепловоздар бос вагондарды паркке алып кетеді. Сол кезде белгісіз ер адам маневрлік тепловозға мініп, одан вагонға секірген. Теміржолшылардың ескертуін тыңдамаған. Перронда жүрген полиция қызметкерлері оны жерге түсіріп, бөлімшеге жеткізді. Ер адамның ішімдік ішкені анықталды", – дейді Ақтөбе станциясы желілік полиция бөлімінің өкілі Жакен Артықов.
Қылмыскер – 25-30 жас шамасындағы жұмыссыз жігіт. Өзінің айтуынша, Ақтөбе қаласында бес жылдан бері тұрады. Туған жері – Алматы облысы. Ол бұған дейін де қоғамдық орынға масаң күйде келгені және ұсақ бұзақылық үшін жауапкершілікке тартылған.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🌉 Алматыдағы Есентай өзені арқылы өтетін көпірде көлік қозғалысы 1 қыркүйекке дейін шектеледі
-
351
-
0
-
0
-
-
2⛵️ Жазғы демалысты қалтасы көтермейін қазақстандықтардың саны артты
-
332
-
0
-
5
-
-
3🎬 Ашаршылық туралы "Қаш" фильмі Шанхай халықаралық кинофестиваліне өтті
-
309
-
0
-
5
-
-
4✈️ "Әуе компанияларына сәлем айтыңыз". Ринат Зайытов ұшаққа домбыра алып кіруге рұқсат беруді талап етті
-
301
-
1
-
2
-
-
5👨🏭👷♂️ Біліктілігі жоқ жұмысшылардың жалақысы 2 есе артады
-
255
-
0
-
4
-
-
6Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады
-
239
-
0
-
0
-
-
7🛏 Әлеуметтік осал топ санатындағы студенттердің жатақхана шығынын мемлекет төлейді
-
242
-
0
-
2
-
-
8⏺️ Қазақтың құрақ көрпесі Гиннес рекордтар кітабына енді
-
259
-
0
-
0
-
-
9😱Кісі өлтіру, зорлау, ұрып-соғу. Бес облыста тұрмыстық зорлық-зомбылық көбейген
-
252
-
0
-
1
-
-
10🎾 Қазақстандық теннисшілер Ролан Гаррос турнирінде қанша табыс тапты?
-
281
-
0
-
0
-