Ақтөбеде құрылысы бес жыл бұрын басталған мектеп әліге дейін қаңырап бос тұр

Оқушы санын толтыра алмайтын облыстық білім басқармасы енді мектептің жартысын интернатқа айналдырмақ.

Ақтөбе облысының басшылығы жер алу тізімінде тұрған 1 200 азаматқа телімді Шилісай ауылынан беріп, оны шағын елді мекенге айналдыруды жоспарлаған. Сол мақсатпен ауылда 680 оқушыға арналған мектеп құрылысы басталған. Оған бюджеттен 1 миллиард 400 миллион теңге бөлінген, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Алайда бұл ауылға жоспарға сай қоныстанған адамдар да болмай, мұндай үлкен мектептің қажеттілігі болмай отыр. Шилісайда бар болғаны 100-ге жуық оқушы бар, олар көрші ауылдағы мектепке қатынап оқиды.  

"Коммуникация жүргізбей тұрып айдалаға мектеп салды. Халықты жинау үшін әуелі су, газ, жарық болуы керек қой. Халық сонда ғана келіп қоныстанады. Қазір үйлер салынып тұр, көбінде тұрғын жоқ. Мұндай жерде 680-690 оқушы қайдан болсын?. 40-50 ғана бала бар шығар", – дейді Шилісай ауылының тұрғыны Бердібай Құтанов.

Облыстық білім басқармасының мәліметінше, Шилісайда бар болғаны 100-ге жуық оқушы бар, олар көрші ауылдағы мектепке қатынап оқиды. Тасымалға арнайы көлік бөлінген. Соған байланысты енді мектептің бір бөлігін интернат қылу жоспарланып отыр.

"250-ге жуық ата-ана баласын интернатқа беруге өтініш білдірді. Мектеп жаңа үлгіде болады. Барлық құрал-жабдықтармен жабдықталады. Жаңа модификациялық кабинеттері бар. Яғни, ауыл баласы үшін бұл білім алудың толық мүмкіндігін береді деп санаймын", – дейді Ақтөбе облысы білім басқармасының басшысы Жолдас Батырхан.

Жоспар бойынша, мектеп 2019 жылы қолданысқа берілуі керек болған. Алайда мектепке деп бөлінген қаражаттың уақытыл берілмеуі қолға байлау болған. Құрылысы бес жылға созылған білім ошағының салтанатты ашылуы енді биылдың соңына жоспарланып отыр.

Читайте новости без рекламы. Скачайте мобильное приложение informburo.kz для iOS или Android.

Поделиться:

 Если вы нашли ошибку в тексте, выделите её мышью и нажмите Ctrl+Enter

 Если вы нашли ошибку в тексте на смартфоне, выделите её и нажмите на кнопку "Сообщить об ошибке"

Популярное в нашем Telegram-канале

Серіктестер жаңалықтары