Ақтөбе облысында мұнай өнімдерінің заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікке ілінген азамат Біріккен Араб Әмірліктерінен экстрадицияланды, деп хабарлайды Бас прокуратура.
Ведомствоның мәліметінше, прокуратура мен Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері заңсыз мұнай айналымы бойынша іздеуде жүрген Қазақстан азаматын елге қайтарған.
Тергеу дерегінше, күдікті коммерциялық ұйымның бас директоры бола тұра, 2022–2023 жылдары Ақтөбе облысында алдын ала сөз байласқан адамдар тобымен жалпы сомасы 300 миллион теңгеден астам көлемде мұнайды заңсыз өткізген.
"Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынған. Ол халықаралық іздеуге жарияланып, 2024 жылы Дубайда ұсталды. Бас прокуратураның сұрауы бойынша Біріккен Араб Әмірліктерінен Қазақстанға экстрадицияланды", – делінген хабарламада.
Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Айта кетейік, осы іс бойынша оның сыбайласы бұған дейін сотталып, бас бостандығынан айыру жазасын алған. Қылмыс дәлелденген жағдайда айыпталушы 3 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
USD:
505.5 / 508.5
EUR:
587.5 / 592.5
RUB:
6.47 / 6.59