Тікелей эфир

Ақтөбеде 238 миллион теңге жымқырған мектеп есепшісі 6 жылға сотталды

Ол жалақыны артық белгілеп, қос демалыс беру арқылы ақша жымқырған.

Ақтөбе облысы прокуратурасының арнайы прокурорларымен №48 жалпы білім беретін мектеп есепшісінің бюджет қаражатын заңсыз иемдену дерегіне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексерудіі аяқтады, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі

"Ақтөбе қаласының прокуратурасымен есепші Г.-ның 2019-2024 жылдар аралығында қызмет бабын пайдалана отырып, мектеп қажеттіліктеріне бөлінген 230 млн теңгеден астам бюджет қаражатын иемденгенін анықтады. Иемденіп алу схемалары жалақыны белгіленген нормадан тыс аудару, қос демалыс беру арқылы жүзеге асырылған", – делінген ресми хабарламада. 

Мектеп есепшісіне Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы (аса ірі мөлшерде cенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) бойынша айыптар тағылды. 

Ақтөбе қаласының №2 сотының шешімімен есепші Г. кінәлі деп танылып, 7 жылға материалдық жауапкершілік лауазымдарды атқару құқығынан айырыла отырып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.


Оқи отырыңыз: Ақтөбе облысында мектеп басшысы 600 мың теңге пара алды деген күдікпен ұсталды


 

Серіктестер жаңалықтары