Ақтөбе облысында бұлан атқан браконьер 3 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Фото интернеттегі ашық дереккөздерден алынды
Фото интернеттегі ашық дереккөздерден алынды
Ол жабайы жануарды сойып жатқан кезінде ұсталған.

Ақтөбе облысының полиция қызметкерлері Алға ауданы Маржанбұлақ ауылының маңында бұлан сойып жатқан браконьерді қолға түсірді. Бұл туралы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

30 жастағы ауыл тұрғыны аңшылықпен заңсыз айналысып, бұланды атып алған. Полицейлер оның автокөлігінен ойық ұңғылы карабин қаруын тауып, тәркіледі.

"Полиция заңсыз аңшылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Автокөлік құралы аудандық полиция бөлімінің аумағына қойылды. Заңсыз аңшылық үшін күдікті мүлкі тәркілену мүмкіндігімен, үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға дейінгі жазаға тартылуы мүмкін", – делінген полицияның ресми хабарламасында.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз