Ақтөбе облысында азаматтарды алдаған жалған блогер қамауға алынды

Фото: Polisia.kz
Фото: Polisia.kz
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ақтөбе облысында азаматтарды алдаған жалған блогер қамауға алынды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Мұғалжар аудандық полиция бөліміне бірнеше жергілікті тұрғын алаяқтық фактісі бойынша арызданды. 

"Тексеру нәтижесінде 2024 жылдың соңында өзін блогер ретінде көрсеткен аудан орталығының 35 жастағы тұрғыны төрт азаматты алдап, ақшасын иемденгені анықталды. Күдікті жәбірленушілердің біріне — балабақшаға жұмысқа орналастыруды, екіншісіне — жүргізуші куәлігін алуға жәрдемдесуді, сонымен қатар тендерді жеңіп беруді уәде еткен. Төрт жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын 10 миллион теңгеден асты", – делінген хабарламада. 

Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары