Ақтөбе облысында 1,4 млрд теңгеге 11 медициналық мекеме салынады

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Ақша мемлекетке қайтарылған қаражат есебінен бөлінді.

Ақтөбе облысында медициналық мекемелердің құрылысына Арнаулы мемлекеттік қордан шамамен 1,4 млрд теңге бөлінді, деп хабарлады Primeminister.kz сайты. 

Қаражат 11 нысанның: медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункттер, дәрігерлік амбулаториялар құрылысына бағытталды. 

2025 жылы Ақтөбе облысының келесі аудандарында фельдшерлік-акушерлік пункттер:

  • Ырғыз ауданы, Нұра ауылы;
  • Байғанин ауданы, Ноғайты ауылында салынады.
Инфографика: Primeminister.kz сайты

Оқи отырыңыз: Қазақстанда дәрігерлердің жалақысында қандай өзгерістер бар


Сондай-ақ, медициналық пункттер:

  • Шалқар ауданы, Шоқысу ауылы;
  • Шалқар ауданы, Сарысай ауылы;
  • Мұғалжар ауданы, Жарық ауылы;
  • Шалқар ауданы, Тоғыз ауылы;
  • Қобда ауданы, Бегалы ауылы;
  • Ырғыз ауданы, Жарма ауылында  салынады.

Дәрігерлік амбулаториялар:

  • Мұғалжар ауданы, Қайыңды ауылы;
  • Мұғалжар ауданы Мұғалжар ауылы;
  • Алға ауданы, Маржанбұлақ ауылында салынбақ.
Инфографика: Primeminister.kz сайты

Медициналық мекемелердің барлығы тәулігіне 25-45 келушіге қызмет көрсетуге есептелген, бұл жергілікті тұрғындар үшін сапалы медициналық қызметтің жоғары қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз