Тікелей эфир

Ақтаудың жаңа әкімі тағайындалды. Ол бұрын облыс басшысының орынбасары болған

Ақтау қаласының әкімі – Ұлықбек Тінәлиев.

Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ұлықбек Тінәлиев Ақтау қаласының әкімі болып тағайындалды.

Ұлықбек Тінәлиев еңбек жолын 2006 жылы азаматтық қоғам және жастар саясаты саласында бастаған. Атырау облысы Махамбет ауданы әкімінің орынбасары, Атырау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары, Атырау қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.

2020-2022 жылдары Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қоғамдық-саяси жұмыс басқармасының бастығы, департамент директоры қызметтерін атқарды.

2022 жылдың маусымынан бастап Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметінде болды.


Оқи отырыңыз: "Самұрық-Қазына" қорының басшылығына Нұрлан Жақыпов тағайындалды.


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары